Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 04:06


Хабарлар кестесі

Жергілікті уақыт белдеуі

Келесі бағдарлама
07:00 - 07:30

Күнделікті бағдарлама

Күнделікті Қазақстанда және әлемде орын алып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар бойынша жедел әзірленген хабарлар топтамасы.

09 мамыр 2012

07:30 - 07:45 Қайталау

Айтыс - Азаттықта

Қазақстанда әр уақытта өткізілетін ақындар айтысының толық нұсқасын ұсынамыз.

19:00 - 19:04

Жаңалықтар

Әлем және Қазақстан тынысы


19:04 - 19:30

Күнделікті бағдарлама

9 мамыр күні Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағында Совет Герман соғысының аяқталғанына 67 жыл толғанына орай гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Ардагерлер құттықтыулар мен марапаттаулар қабылдады.

Совет - Герман соғысының ардагері Құрмантай Бақбергенов майданда болған жылдары туралы «Күреске толы ғұмыр» деген кітап жазған. Оның жасы 91 де. Ардагер соғыстың қайғы қасірет әкелетінін сөз етіп,  бейбіт өмірді бағалау керектігін айтып, жастарға деген өсиетін өлеңмен өрнектеді.

Жақында ғана 100 жасқа толған, қызылордалық ардагер Сүлеймен Сейітов Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет әскері жеңген күннің 67 жылдығына бірнеше апта қалғанда өмірден өтіп кетті.

"Балаларды қорғау" ұйымы әлем елдеріндегі аналардың жағдайы турасында өзінің есебін жариялап отыр, ана мен балаға ең жақсы жағдай жасалған ел деп Норвегия бағаланса, ең нашар ел деп Нигер елі аталып отыр.

Ақтаудағы полицейлер сотына жәбірленуші ретінде қатысып отырған Аманжол Әбдешевтің әйелі Жанар Әбдікерімова 16 желтоқсан күні оққа ұшып, ертесінде ауруханада қайтыс болған екен.

19:30 - 20:00

Дөңгелек үстел

Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысқан тәуелсіз сарапшылар: - Жоғарғы саяси билікке Қазақстанның ұлттық мемлекет болып қалыптасуы ұнамайды, сол себепті де соңғы жылдары шетелдерден қазақ қандастарын елге көшіру үрдісін баяулатып келіп, енді мүлде тоқтатты, - дейді. 

Олар көші-қон квотасының тоқтатылуын, елде қазақтардың үлес-салмағының 67 пайызға жетуімен және жоғарғы саяси билікке Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуының тиімді көрінуімен тығыз байланыстырады.

Сарапшылардың мұндай пікірлер айтуына Қазақстан үкіметінің шетелдерден қазақтарды елге көшіру квотасын өзінің арнайы нұсқауына дейін-ақ тоқтатқаны себеп болып отыр. Үкімет бағдарламасына сәйкес, квота 2011-2014 жылдарға арналған болатын.
Көші-қон комитетінің хабарлауынша, үкіметтің 2011 жыл 22 желтоқсандағы қаулысымен шетелдік қазақтарды көшірудің 2011-2014 жылдарға арналған квотасы жыл сайын елге 10 мың қазақ отбасын көшіріп қоныстандыруды қарастыратын. 
Оған қоса егер Қазақстан президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы жарлығына сәйкес, 2011 жылы Қазақстанда 20 мың қазақ отбасын қабылдап, қоныстандыру көзделген болса, іс жүзінде бұл квота 36,5 процентке ғана орындалып, елге 7 мың 300-дей отбасы немесе 29 мыңдай қазақ қоныстанды.
09 мамыр 2012

Күнтізбе

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?