Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:42

Ермек Тілегеннің шолуы

Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілікте болған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Президент, полиция және пәтуа

«30 жылдай ішкі істер саласында қызмет еткен полковник Ақылбек Медеубековтің айтуынша, полиция қызметкерінің имиджі дәл осылай қорланған емес»: - Бастықтың орынбасарын ұрып-соққаннан кейін барып қару қолдануға мәжбүр болған екен. Қазіргі мәліметтер бойынша, олар бейбіт тұрғындарға оқ атуға мәжбүр болыпты, - дейді Ақылбек Медеубеков. Толығырақ

Жаңаөзенді «кешіру», аурудан «пайда көру» және «тілазарлар»

– Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режимін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Толығырақ

ЖСДП жетекшілері сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп, "Нұр Отан" партиясының жарнамасын өртеп жатыр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Фариза, Жаңаөзен және президент

- ...Ендеше, мен біреулер ортаға от жақты екен деп қалай ереуілдеп кетемін? Осы жасқа келіп, пиғылы жат біреулердің айтағына еріп, көйлегімнің етегін желбіретіп, «Ойбай, қырылып жатырмыз, Президентке қарсымын» деп көшеге шығатын жағдайым жоқ, - деді Фариза Оңғарсынова. Толығырақ

Ким Чен Ирді жерлеу кезінде қайғырып тұрған адамдар. 28 желтоқсан 2011 жыл.

«Қаңғыған» араб, «жетім» кәріс және «жауынгер» қазақ

– Шуылдақтың арасында бір-бірімен төбелесіп жатқан жап-жақсы елдердің экономикасы құлдырап, 10-15 жылға артқа кетті. 30 миллион Египеттің халқы 80 миллионға жетіп, жап-жақсы боп отырған болатын. Ең өркендеп өскен Африкадағы ел – Тунис болатын. Барлығының экономикасы артқа қарай кетті, халық қаңғып қалды. Соны біз жеткізе білуіміз керек, – деді Қазақстан президенті стипендия иелеріне. Толығырақ

Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының жаңа тағайындалған басшысы Ләззат Қиынов. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 жыл. (Тақырыпқа қатысы жоқ көрнекі сурет).

Видео «Президентті алдау» немесе «Осымен болдық па?»

- ...Кейінге со... қооо... «өртеп, неғыламыз» деп, сондай хабар келді бізге. Ана қыз қайта қайта бізге звондап, дежурный частьқа қайта қайта шығады: «Мені қорғаңдар, мені қорғаңдар!» деп. Содан кейін біз қару алып, сө йерге барған кезде... Уже қарасақ, зданиенің бәрін өртеп келатыр екен, таспен ұрып, неғылып... Содан кейін қару қолдана бастадық, - деді бірінші полицей. Толығырақ


Сәбиттің карикатурасы

Сәбиттің карикатурасы

Азаттық радиосының мұрағатынан алынған бұл сықақ суреттер Қазақстандағы саяси өмірдің әр түрлі сәттерін әжуалайды.


Мультимедиа-мысқыл

Сіздің JavaScript сөніп қалды, немесе сізде Adobe's Flash Player-дің ескі нұсқасы. Flash player-дің соңғы нұсқасын жүктеңіз.
Сіздің JavaScript сөніп қалды, немесе сізде Adobe's Flash Player-дің ескі нұсқасы. Flash player-дің соңғы нұсқасын жүктеңіз.
Видео

Видео «Елбасының арқасы...»

«Хабар» мен «Қазақстан» арналарында шыққан бейне сюжеттердегі кейіпкерлердің Қазақстан президентіне айтқан алғыстары мен мақтауларының бейнекаламбуры. 2011 жыл.