Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 16:19


ПОДКАСТИНГ


Подкастинг деген не?

Подкастинг технологиясы сізге қажет бір не бірнеше аудио және видеофайлды сайттан автоматты түрде көшіріп алып, өзіңізге ыңғайлы уақытта тыңдауға және көруге мүмкіндік береді. Подкастинг RSS-ағыны арқылы жұмыс істейді. Белгіленген тақырыптардағы файлдар сайттан қолма-қол көшіріліп отырады, оларды кез-келген уақытта ашып, көре аласыз, тыңдай аласыз. «Подкаст» деген термин «iPod» және «broadcast» сөздерінен құралған. «iPod» - Apple Computer компаниясы шығаратын шағын плейер, ал «broadcast» деген сөз - хабар тарату дегенді білдіреді.

Подкастингтің жұмысы қалай атқарылады?

Подкастинг «ақпаратты ең оңай жолмен алу», яғни RSS-ағыны технологиясына негізделген. Аудио не болмаса видеофайлдар RSS-ағынында көрсетілген тақырыптарға сәйкес компьютеріңізге автоматты түрде түсіп отырады.
Подкастинг бағдарламасы сайтқа шыққан жаңа материалдарды мезгіл-мезгілімен тексеріп, қажет файлдарды компьютеріңізге автоматты түрде жолдап отырады. Подкастинг бағдарламасында жұмыс істеу үшін ең ыңғайлы файл - MP3.

Подкастинг үшін қандай бағдарламалар қажет?

ITunes. Жаңа бастаған, тәжірибесі аз пайдаланушылар үшін ең қолайлысы – iTunes бағдарламасы. Бағдарламаны қойған соң қалаған подкаст-каналдарға жазылсаңыз болады. Оның жолы оңай. Меню терезесін ашқан соң, «Advanced» - «Subscribe to Podcast» нүктелерін таңдаңыз. Бұдан кейін сізге қажет подкаст-каналдардың URL-адрестерін көшіріп алыңыз. Бұдан кейін ОК түймесіне басыңыз. Біздің (podcast link) подкаст-каналымызға да осылай жазылуыңызға болады.

Мұнда шыққан тізімде подкаст-каналдың атауын табыңыз. Бұдан кейін сол жақ төменгі бұрышта «Settings» түймесін басыңыз. Жаңа шыққан файлдарды тексеріп тұру мезгілін белгілесеңіз болады, файлдарды компьютеріңізде қаншалықты ұзақ мерзімге сақтағыңыз келеді – мұны да көрсетуіңізге болады.
Подкаст-каналда қанша файл бар екенін білгіңіз келсе – канал атауының жанында орналасқан үшбұрышты пиктограмманы түртіңіз. Көшірілген файлдарды ашу үшін плейеріңізді қосқаныңызда iTunes бағдарламасы оларды автоматты түрде лайықтап береді.

IPodder. Тәжірибесі мол пайдаланушылар IPodder бағдарламасын қолдануына болады. Бұл бағдарламада файлдарды тасымалдау және сақтау жолдары көп. Мәселен, серверде шыққан жаңа жарияланымдарды тексеріп тұру уақытын дәл белгілесеңіз болады. Бағдарлама пиктограммасының уақыты компьютеріңізде қойылған уақытқа сәйкес болады.