EРЕЖЕЛЕР



Жеке мәліметтерді қорғау ережелері

Азаттық радиосы интернет пайдаланушылардың жеке мәліметтері сақталуы керек, олар интернетке кіргенде сырттан бақылау болмауы керек деп біледі.
Интернет пайдаланушыларға арналған жаңалық тарату қызметін жақсарту мақсатында олардың кім және қайдан екені туралы ақпаратты екі жолмен жинаймыз. Біріншісі - Азаттық радиосының жарияланымдарына жазылғанда пайдаланушылардың өз еркімен беретін электрондық адрестері. Екіншісі – пайдаланушылар веб-сайтымызға кірген кезде қалыптасатын жалпы статистикалық мәліметтер.

Электронды адрестер

Пайдаланушылар Азаттық радиосының жаңалықтар топтамасына жазылғанда оларды алу мақсатында электрондық адрестерін өз еркімен береді. Азаттық радиосы жаңалықтар топтамасын таратуға арналған электронды адрестерді үшінші тарапқа ешқандай жағдайда бермейді. Пайдаланушыларымыздың тізімі жаңалықтар топтамасын таратудан басқа мақсатқа қолданылмайды Жаңалықтар топтамасына жазылған пайдаланушы кез-келген уақытта одан бас тарта алады, мұның тәртібі жаңалықтар топтамасында көрсетілген, веб-сайтымызда жарияланған. Жаңалықтар топтамасын алуды тоқтату барысында проблема туындаса, қызметкерімізге хат жазыңыз, оның адресі кез-келген жаңалықтар топтамасында көрсетіледі. Не болмаса azattyq@rferl.org адресі арқылы Интернет департаментіне жазсаңыз болды.

Статистикалық мәліметтер

Веб-сайт шығарушыларының көпшілігі сияқты, Азаттық радиосы да пайдаланушылар веб-сайтымызға кіргенде олар туралы мәлімет жинайды. Ондағы мақсат- веб-сайтымызға пайдаланушылар қаншалықта көп кіреді, олар қай елден, қай парақтарды қарайды деген сияқты ақпаратты білу үшін ғана. Азаттық радиосы бұл мәліметтерді жинау арқылы сіздің кім екеніңізді біле алмайды, веб-серверімізге кірген компьютердің сериялық нөмері ғана белгілі болуы мүмкін. Бұл мәліметтерді cookie деп аталатын стандарттық браузердің функциясы арқылы жинаймыз, ол веб-сайтымызға кіру жолдарын білуге арналған. Бұл браузерлік функция пайдаланушылар веб-сайтымызға кірген сайын өзінен- өзі пайда болады, пайдаланушы веб-сайтымыздан шыққанда тоқтайды да, өзінен- өзі жойылады. Осы жолмен жиналатын мәліметтер веб-сайтымыздың қызметін жақсартуға, жаңалықты тұтынушылардың сұранысын зерттеп-біліп отыруға мүмкіндік жасайды, сөйтіп тұтынушылардың мүддесіне қызмет етеді.