Техникалық кеңестер

azattyq.org сайтымен жұмыс істеу үшін қажет техникалық кеңестер


Сайттан аудиофайлды қалай тыңдасам болады?
Медиаплейерлердің көпшілігі компьютеріңіздің конфигурациясына сәйкестендірілген және оған тәуелді болады. Егер конфигурацияны дұрыс орнатсаңыз, МР3 файлдарымыз медиаплейерлердің көпшілігінде ашылып, ойналуы тиіс.
Windows Operating System жүйесін қолданып отырсаңыз, Windows player бағдарламасы автоматты түрде орнатылады. Windows Media Player 9-шы немесе одан да жаңа түрлерін пайдаланғаныңыз жөн.

 Real Player плейерін пайдалансаңыз, 10-шы не одан да жаңа нұсқасы қолайлы.

Аудиофайлдарды тыңдау үшін плейер бағдарламасын орнатуыңыз қажет.
Real Player не болмасаWindows Media Player бағдарламаларын осы адрестер арқылы тауып, көшіріп алсаңыз болады. Бұл плейерлерді орнату үшін осы сайттардың нұсқауларын орындаңыз.
 
Қажет аудиолинк ашылмаса не істеуім керек?
Аудиоплейеріңіздің бағдарламасын жаңарту қажет болар. Ақпарат өткізу қабілеті жеткілікті болса, бәлкім, аудиоплейердің жұмыс істеу қабілетін арттыру қажет болар. Ол үшін брандмауердің тетіктерін өзгерту қажет. Өкінішке қарай, мұндай конфигурациялар түрлі жағдайда ерекшеліктеріне қарай жеке орнатылады. Егер компьютерді жұмыста, не болмаса интернет-кафеде пайдаланып отырсаңыз, техникалық администратордан көмек сұраңыз.

Сайттарыңызды қандай браузерлер ашады?
Azattyq.org сайтын браузерлердің барлығы дерлік ашады. Дегенмен, сайтымызды көру үшін ең қолайлылары - Internet Explorer 7.x, Mozilla Firefox 1.x не болмаса Mozilla Firefox 1.х немесе 2.x.
 
Azattyq-org сайтын негізгі парақ ретінде қалай орнатуға болады?
Windows жүйесінде Internet Explorer 6 браузерін, не болмаса одан да жаңа нұсқаларын пайдалансаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:

- "Tools" менюін ашып, "Internet Options..." тізімін табыңыз.
- Бұл жерде “General” кестесін таңдаңыз.
- Ашылған терезеде “Home Page” секциясы көрінуі тиіс.
- “Address” деген жерге
http://www.azattyq.org /деп жазыңыз.
- Терезенің төменгі жағындағы "OК" түймесін түртіңіз.

Windows жүйесінде Firefox 2.x браузерін пайдаланып отырсаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:

- "Tools" меню бұйрығын ашып, "Options" тізімін табыңыз.
- Бұл жерде “Main” кестесін таңдаңыз.
- “Home Page” терезесінің ішіне
http://www.azattyq.org /деп жазыңыз.
- Терезенің төменгі жағында "OК" түймесін түртіңіз.

MacOS X жүйесінде Firefox 2.x браузерін пайдаланып отырсаңыз, мына нұсқауларды орындаңыз:
- "Tools" меню бұйрығын ашып, "Options" тізімін табыңыз.
- Бұл жерде “Main” кестесін таңдаңыз.
- “Home Page” терезесінің ішіне
http://www.azattyq.org /деп жазыңыз.
- Терезенің төменгі жағында "OК" түймесін түртіңіз.
 
Әлі де проблемалар болып жатса, бізге azattyq@rferl.org мекен-жайына электронды хат жазыңыз, көмектесеміз.