Осыдан бес жыл бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз еркімен тапсырып, елді сахна сыртынан басқаруды көздеген билік транзиті Назарбаев үшін неге сәтсіз аяқталды? Постсоветтік кеңістіктегі автократтар одан қандай сабақ алды? Бес жылда Тоқаевтың билігі қалай өзгерді? Азаттық бұл туралы Орталық Азияны зерттеуші, Ұлыбританиядағы Глазго университетінің профессоры Лука Анческимен сөйлесті.
17 наурызда Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына Ресей президентін сайлауға дауыс беруге келген адамдар ұзын-сонар кезекте тұрды. Ресей оппозиционерлері дәл сол күнге "Путинге қарсы талтүс" акциясын жариялаған. Ресей түрмесінде қаза тапқан Алексей Навальный да көзі тірісінде осы шараны қолдаған еді.
Атырауда Азаттық тілшісін әкімдік шенеунігі Ұлттық құрылтай өтіп жатқан жерге кіргізбей қойды. Ал жай киім киген белгісіз біреулер журналистен видеоға түсірмеуді талап етті. Тілшіміз редакцияның тапсырмасы бойынша репортаж жасауға барған еді.
Қарақалпақтар 2000-жылдардың басынан Өзбекстаннан көрші елдерге жұмыс іздеп жиі шыға бастаған. Қазақстанда тұрақтап қалғандары да бар. Олар қарақалпақ тілі мен мәдениетін дәріптеп, кейде қоғамдық-саяси мәселелерді де талқылаған. Өзбекстан билігі сынға төзбей, оларға қысым жасауға тырысады.
Алматыда "билікті басып алмақ болған" деген айып тағылған жеті адамның айыбы толығымен дәлелденді деген тергеу тарабының байламымен үндесетін үкім шығарды: үш адамды 6 жылға, үшеуін 5 жылға бостандығынан айырды. Олар тағылған айыпты жоққа шығарды. Кінәсін мойындаған бір адамға сот шартты жаза берді.
Көп жыл оппозициялық газет шығарып, сол үшін қуғын да көрген Ермұрат Бапи қазір парламент мәжілісінің депутаты болып отыр. Азаттыққа сұхбатында ол парламенттегі жұмысы, азаматтық позициясы, елдегі тәуелсіз медиа және "жаңа" және "ескі" Қазақстан туралы ой бөлісті.
Ұзақ уақыт оппозициялық газет шығарып, сол үшін талай қуғындалған Ермұрат Бапи қазір парламент мәжілісінің депутаты болып отыр. Азаттыққа берген сұхбатында Бапи парламенттегі жұмысы, азаматтық позициясы, елдегі тәуелсіз медиа және "жаңа" және "ескі" Қазақстан арасындағы текетірес туралы әңгімеледі.
АЭС салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Азаттық сарапшыдан АЭС туралы сұхбат алды.
Украинаға басқыншылық жасағаны үшін халықаралық спорт жарыстарының көбінен шеттетілген Ресей өз "ойындарын" ұйымдастырып, оған "дос елдерін" тартқысы келеді. Бұл "ойындарға" араласу Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қалай әсер етуі мүмкін?
СССР ыдырай бастағанда құрамынан бірінші болып шыққан Латвия, Литва және Эстония қазір НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше, көптеген өлшем бойынша әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұр. Азаттық үш елдің Қазақстандағы елшілерімен екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты, адам құқығы жайын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы сөйлеген сөздерін талдаған саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт президенттің неліктен саяси реформалар туралы айтуды сиреткенін түсіндірді. Саясаттағы кейінгі кездегі трендтер Ресейдің ығына жығылу мен репрессия машинасы күшейгенін білдіреді дейді сарапшы.
Қазақстан оппозициясындағы ықпалды тұлға Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісімен бірге тура 18 жыл бұрын оққа ұшты. Тергеу жүрді, сот өтті. Бірақ қылмыстың құпиясы әлі толық ашылған жоқ. Азаттық бұған дейін осы тақырыпта бірнеше материал жариялаған. Бұл да көп сұраққа жауап іздеген кезекті ұмтылыс.
Тағы