Қарақалпақтар 2000-жылдардың басынан Өзбекстаннан көрші елдерге жұмыс іздеп жиі шыға бастаған. Қазақстанда тұрақтап қалғандары да бар. Олар қарақалпақ тілі мен мәдениетін дәріптеп, кейде қоғамдық-саяси мәселелерді де талқылаған. Өзбекстан билігі сынға төзбей, оларға қысым жасауға тырысады.
Алматыда "билікті басып алмақ болған" деген айып тағылған жеті адамның айыбы толығымен дәлелденді деген тергеу тарабының байламымен үндесетін үкім шығарды: үш адамды 6 жылға, үшеуін 5 жылға бостандығынан айырды. Олар тағылған айыпты жоққа шығарды. Кінәсін мойындаған бір адамға сот шартты жаза берді.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында мешіт жанында заңсыз "діни сауат ашу" курсын жүргізген ер адамға қарсы кәмелетке толмаған балаларды ұру дерегі бойынша іс қозғалды. Балаларға "ашумен қол жұмсағанын" мойындаған ол "құйрығынан ұруға ата-анасы рұқсат еткен" деп ақталады. Балалардың әке-шешесінен шағым түспеген. Қоғам өкілдері бала ұру – қылмыс дейді.
Қазақстанда тұратын қарақалпақ диаспорасының белсендісі, Өзбекстан азаматы Қошқарбай Төремұратов Еуропаның орталығында қиын жағдайға тап болды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оны жақында Еуропаның бір елінен басқа елге шығарып, ары қарай Өзбекстанға экстрадициялауы мүмкін. Өз елінде Төремұратов пен бірнеше жақтасына айып тағылған. Мұны да құқық қорғаушылар Ташкенттің Нөкістегі ереуілді басып-жаншығаны сияқты репрессиялық науқандарының бір бөлігіне теңейді.
Қаңтар оқиғасына байланысты ұзақ мерзімге түрмеге кесілген төрт адам үкімге келіспейді. Түрлі қалада сотталған оларға тергеушілер бір-біріне ұқсас айыптар тағып, сот кінәлі деп таныды. Қорғаушылары "тергеу біржақты өтті, сот айғақ-дәлелі жоқ ауыр айыптар тағып, әділетсіз үкім шығарды" дейді.
СССР ыдырай бастағанда құрамынан бірінші болып шыққан Латвия, Литва және Эстония қазір НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше, көптеген өлшем бойынша әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұр. Азаттық үш елдің Қазақстандағы елшілерімен екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты, адам құқығы жайын талқылады.
Бір топ адам Шыңжаңда көп жылға қамалған туыстарын босатуды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы маңына шығып жүргелі үш жыл болды. Бүгінге дейін Қытай консулдығынан бірде-бір адам шығып, олардың талабына қатысты жауап берген жоқ. Алайда туыстарына араша сұраушылар күресін тоқтатпады. Азаттық осы адамдармен сөйлесіп, үш жылда не өзгерді деген сауалға жауап іздеп көрді.
"Oyan, Qazaqstan" азаматтық қозғалысының екі белсендісі 2024 жылды абақтыда қарсы алды. Тағы төртеуі "рұқсат етілмеген акцияларға қатысты" деген айыппен қаңтардың басында әкімшілік қамауға алынды. Белсенділер бостандыққа шыққаннан кейін Азаттық олармен сөйлесіп, қозғалыс құрылғалы бері өткен бес жылда ұйым құрамында және елде не өзгергенін сұрады.
Тағы