Accessibility links

Франсия президенті Ж.Ширак бұрын-соңды болмаған аптақ ыстықтың төтенше салдарына төтеп бере алмаған денсаулық сақтау жүйесін реформалауға уәде берді.


ПАРИЖ: Франсия президенті Жак Ширак бұрын-соңды болмаған аптақ ыстықтың төтенше салдарына төтеп беруге сақадай сай болмаған денсаулық сақтау жүйесін реформалауға уәде берді. Ол жөнінде франсұз президенті министрлер кабинетінің бейсенбі күні болып өткен арнайы мәжілісінің ізінше хабарлады. Франсияның өлгендерді жерлеу жөніндегі басты қызметінің мәліметтері бойынша, елде тамыз айының алғашқы 3 аптасында 10 мың 400 кісі, яғни өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда көп адам дүние салған. Әсіресе қарттардың арасында өлім көп болған. Ресми ақпар бойынша, Португалияда 1.300 кісі адам айтқысыз ыстық ауа райының құрбаны болса, Испанияда – 100 адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG