Бас прокурор кеңсесінің директоры Абдұл Махмұд Дақиқ бұрынғы әскери қолбасшы Абдолла Шахтың өлім жазасы 20 көкек күні Қабулдың шығысындағы Пал-а Шархи түрмесінде орындалды деп мәлімдеген.
Мұндай дерек Ауғанстанның адам хұқтары жөніндегі тәуелсіз комиссиясы мен Амнести интернейшнл ұйымы Шахқа қатысты жазаның әділетті еместігі жөнінде маселе көтерген соң айтылды. Шах Пагман аймағында әскербасшылық кезінде 20 дай адамның өліміне себепші деп айыпталды, олардың ішінде өзінің бір әйелі, екі баласы да болған.