Accessibility links

Қазақстанда ақ биялаймен жасалған рефолюция болып жатыр.


Қазақстан президенті сайлау күнін белгілегелі бері, партиялардың белсенділігі арта түсті. Оппозицияның пікірінше, сайлаудың қалай өтуіне орай, президенттің саяси реформалары байланысты. Бақылаушылардың пікірінше, Қазақстандағы партиялардың ішінде тек 5 ғана оппозицияға, қалған 7 билікке жақын. Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығының төрағасы Дос Көшімнің пікірінше, алдағы сайлауда билікке жақын «Отан» және «Асармен» «Ақжол» партиясы жағаласуы мүмкін.

-Бірінші орында президент бағытын қолдайтын «Отан» мен «Асар». Оппозициядан - Коммунистер мен «Ақжол». Ал «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясына жергілікті билік органдары да сайлау учаскелері де жол бермейді.

Қазақстандағы бірнеше партияның өкілдері, биыл күзде өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына баратын сайлаушылар қатары сиреп қалуы мүмкін деп отыр. Егер, сайлау комиссиясының құрамына коммунистік партия өкілдері қосылмаса, Қазақстанның коммуннистік партиясы сайлауға бармаймыз деген. Бұрыңғы республикалық халықтық партиясының мүшесі саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, өркениетті елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы сайлау науқанында алғы шептегі партиялардың бағдарламасына көп көңіл бөлінбейді. Бұл сайлауда тек билікке жақын партиялардың мерейі үстем болып, оппозициядан дауыстары қатты шықпайтын партияларға мүмкіндік берілуі ықтимал дейді саясаткер Әміржан Қосанов.

-Қазақстанда Назарбаевқа және режимге жағатындар өтеді. Біріншіден, «Отан». Ал оппозицияға қиянат жасалады. Екіншіден, солар көп арпаның ішінде бір бидай болсын деп бірнеше процент беруі мүмкін.

Сайлау күні белгілі болғансоң екі күн өтпей жатып, “Аграрлық” және “Азаматтық” партияларының жетекшілері сайлау алдындағы блок құру туралы меморандумға қол қойды. Партия жетекшілері түсіндіргендей, бұл сайлау қарсаңындағы тактикалық әдіс ретінде жасалған амал. Ал, оппозициялық партиялар әзірге блок құрған емес. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, оппозициялық партиялар сайлауға қатыспаймыз деп қыр көрсететін болса, жаңа парламентте негізінен билікке жақын партиялардың мүшелері шоғырланады.

-«Асар», «Отан», «Ақжолдардың» шанстары жақсы. Және Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясын жоққа шығаруға болмайды. Егер, оппозиция сайлауға барса, Олар мінез көрсетпей демократиялық жағдайға тырысуы керек.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың басталатын күнін айтқан кезде, алда үлкен саяси реформалар күтіп тұр деп мәлімдеме жасаған болатын. «Отан» республикалық саяси партиясының 7-ші сьезінде сөйлеген сөзінде, президент әкімдердің сайланып қойылуына қатысты да өз пікірін білдірді. «Біз облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерін тағайындау практикасын сақтау дұрыс болады деп санаймыз»,-деді ол. Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығының төрағасы Дос Көшім саяси реформалардың ішінде өзін-өзі басқару жүйесіне көп үміт артып отыр.

-Сайлау алдында реформалар болады. Парламент 5 есе көбейсе жақсы. Сосын өзін-өзі басақару заңы қабылдану керек. Онсыз демократиялық процесс алға баспайды.

Бұрыңғы республикалық халықтық партиясының мүшесі саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, Қазақстанда үлкен саяси реформалар жасалатыны екі талай.

-Күмән бар. Ертең өзіне бұданда бағынышты парламент келіп, Назарбаевқа Қазақстанның маңдайына біткен жалғыз сіз. Сіздің құзырыңызды тағы 7-17 жылға созамыз десе, президент қарсы болмауы мүмкін.

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, президент реформалар жасағанымен елдегі саяси ахуалдың құбылуына байланысты алған бағытынан қайтып кетуі де мүмкін.

-Біздің елде ақ биялаймен жасалған рефолюция болып жатыр, бір шоқып, екі қарап. Егерде саяси температура көбейсе, реформатор шегінуге бар.

Саясаткерлердің басым көпшілігі аталған өзгерістерді сайлаудың әділ өткізілуімен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG