Австралия мен Ұлы Британия бітімгершілік әскерлерін Суданға жіберуге дайын екендігін айтқан. АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауэлл бұл мәлімдемелерге ерте айтылған деген баға берді. Еуропалық Одақпен Біріккен Ұлттар Ұйымы арабтық қарулы отрядтар қара түсті тұрғындарға лаңкестік жасап келетін Дарфурдағы зомбылыққа батыл шаралар жасамаса, Судан билігіне шектеулер қоюға шақырған. Соңғы жыл ішінде онда 30 мыңға жуық адам өлтірілген.