Accessibility links

Грузия бейбіт революциясының біржылдығын атап жатыр


Осыдан бір жыл бұрын парламент сайлауынан кейін халық көтеріліп, әділетсіз деп танылған парламент сайлауынан кейін президент Эдуард Шеварнадзені орнынан кетірген болатын. Сосын сайлау арқылы билік басына демократиялақ оппозиция басшыларының бірі, батысшыл бағыттағы саясаткер Михаил Саакашвили келді. "Раушангүл революциясы" деп аталған халық көтерілісін бастаған "Ұлттық қозғалыс" және "Біріккен демократтар" ұйымдары ресми бірікті. Кеше "Біріккен ұлттық қозғалысы" партиясының жиналысы өтті. Президент Михаил Саакашвили Грузия революциясы барша әлемге азаттық пен демократияның нышаны ретінде көрінді, Грузия еркіндігін енді ешкімге бере қоймайды деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG