Accessibility links

Кеше АҚШ Қырғызстанның уақытша билік басыларынан өзбек босқындарын олардың мәртебесі біржолата анықталмайынша, Өзбекстанға қайтармауды талап етті


Босқындар мәртебесі БҰҰ-ң босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссарының көмекшісімен кеңесіп шешілуде деген мемлекеттік департамент өкілі Шон Маккормак:

- Біз Қырғызстан үкіметі өздерінің міндеттері мен халықаралық талапқа сай әрекет етеді деп сенеміз.

БҰҰ-ң өкілі Қырғызстандағы өзбек босқындарын үшінші бір елге қарай өткізу шараларын да қарастырып жатырмыз деген. 13 мамырдағы қантөгіс оқиғаларынан кейін Қырығзстанға қарай бірнеше жүздеген адам өтіп кеткен болатын, өзбек билігі олардың 133-ін қақтығыстарға жауапты деп, кері қайтаруды талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG