Accessibility links

Ирақта күш қолданулар одан әрі жалғасуда


Ирақта көліктегі түрлі жанкештілік шабуылдардан жексенбі күні кем дегенде 22 адам қаза болған. Соның бірі, Бағдаттағы сайлау комиссия жанында болған жарылыстан сайлау комиссиясының бес адамы және бір полиция өкілі қаза болған екен. Тағы бір жарылыстан үш полиция қызметкері көз жұмған. Сенбідегі түрлі шабуылдар барысында екі АҚШ солдаты қаза болған екен. Бағдаттың оңтүстігіндегі Мұсайыбта сенбідегі бомбалық жарылыстан 100-ге жуық адамның өмірі қиылып, 150-дейі жараланған. Жанкешті біреу газ тасығыш авто цистерна жанында өзін-өзі жарып, оның кесірінен пайда болған алапат жарылыстан сол кезде мешітке бара жатқан шиилер осылайша зардап шеккен екен.
XS
SM
MD
LG