Accessibility links

Ресей мен поляк дипломаттары Мәскеу мен Варшавада болған төтенше оқиғаларды талқылады


МӘСКЕУ. Кеше Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары мен Польша елшісі Стефан Меллер кездесіп, Мәскеуде поляк азаматтарына қарсы және Польшада орыс дипломаттарының балаларына қарсы жасалған шабуылдар талқыланды. 31-інші шілде күні Варшавада ресейлік 3 жеткіншек және бір қазақ баласы соққыға жығылған болса, осы аптада Мәскеуде 2 поляк дипломаты мен журналисіне қарсы шабуыл жасалды. В.Лощинин Польшада орыстарға қарсы көңіл-күйді қоздыру тыйылады деген үміт білдірсе, өз кезегінде С.Меллер поляк азаматтарын соққыға жығып кеткендердің ұсталғанын күтетінін мәлімдеді. Оның ерекше атап көрсеткеніндей, қаскүнемдер “кімге қол көтергендерін жақсы білсе керек”.
XS
SM
MD
LG