Accessibility links

АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы шығанаққа қарай «Рита» деген күшті дауыл жақындап келеді


Соңғы есептеуге қарағанда, 5-дәрежелі «Рита» дауылы сағатына 280 шақырымдық жылдамдықпен Техас штатына сенбіге қарай жетіп қалар деп болжанып отыр. Техас пен көршілес штат Луизианадағы 1 млн-дай адамға қауіпсіз аймаққа көшіңдер деп ескертілген. АҚШ президенті Буш тұрғындарды «Рита» дауылына байланысты өте сақ болуға шақырды.

«Біз бұл Рита дауылының қырғын әкелмеуін тілейміз. Дегенмен, барлық жағдайға дайын тұрған жөн болады», - деген президент Буш.

Бұл дауыл алдымен арал қала Галвестонға соққы береді деп күтіліп отыр. 1900-жылы осы қалаға соққан дауылдан 8 мыңдай адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG