Accessibility links

Әзірбайжанның астанасы Бакуде полиция қызметкерлері мен ереуілге шыққан оппозиция белсенділерінің арасында қақтығыс орын алды


БАКУ. Бұл ереуілдің өтуіне билік өкілдері рұқсат бермеген болатын. Дегенмен қала әкімшілігінің тиымына қарамастан, елдегі үш негізгі оппозициялық партия бірігіп, сайлау алдында Бакудың 6 алаңында шеру ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын хабарлаған еді. Әзірбайжандағы Норвегия елшісінің айтуынша, қақтығыс барысында полиция өкілдері шектен тыс күш қолданған. Ресми билік оппозицияны елде толқулардың болуын көздеп отыр деп айыптауда, ал оппозиция өкілдері болса президент Илхам Әлиев сайлау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG