Accessibility links

Иран өзінің ядролық нысандарына халықаралық инспекторларды жіберуге тыйым салатын заң жобасын қабылдады


ТЕҺРАН. Кеше Ислам төңкерісі сақшыларының Кеңесі, егер Иранның “ядролық бағдарламасы” мәселесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілген жағдайда, елдің ядролық нысандарына халықаралық инспекторларды жіберуге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Одан бұрын бұл заң жобасын Иран парламенті мақұлдаған болатын. Енді оған Иран президенті қол қойып бекітуге тиіс. АҚШ Иранды астыртын түрде ядролық қару жасап жатыр деп айыптап, оның “ядролық бағдарламасы” мәселесін жаза қолдану мақсатымен БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруді талап етіп келеді. Мәскеу Теһранды уранды байытудан бас тартуға көндіріп көрмекші. Осы мәселе бойынша келіссөз таяуда қайта жалғасуға тиіс.
XS
SM
MD
LG