Accessibility links

Ғалымжан Жақиянов мерзімінен бұрын азат етілетін болды


АЛМАТЫ. Қазақ оппозициясының абақтыдағы мүшесі Ғалымжан Жақиянов мерзімінен бұрын, бірақ шартты түрде босатылатын болды. Жақияновтың жұбайы Павлодар облысының Екібастұз соты бұл шешімді бүгін қабылдады деді. 2001 жылы Жақиянов Қазақстанның Демократиялық Таңдауы партиясын құрған, кейін ол Павлодар облысының әкімі кезінде билігін аса пайдаланды деген айыппен 7 жылға түрмеге жабылған болатын. Ал 2004 жылы үкімет аталған партияға тиым салған соң, Ғалымжан Жақиянов оппозициялық “Әділетті Қазақстан үшін” бірлестігіне қосылған-ды.
XS
SM
MD
LG