Вена қаласында кеше Еуропа Одағы мен Иран өкілдері кездесіп, Иранның күдікті ядролық бағдарламасы жайында сөйлесті. Мәселе алға жылжыған жоқ, дегенмен екі тарап қаңтар айында тағы кездесіп, келіссөздерді жандандыру шарттарын талқылауға келісті. Британия, Германия және Франция өкілдері Еуропа Одағының атынан сөйлеп, Иран уран байыту жайында барлық әрекетін тоқтатсын деп күш салып келеді. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран ядролық бағдарламасы жайында мәліметтерді толық ашпайды деп сын айтады. АҚШ Иранды ядролық қару жасап жатыр деп айыптайды, Иран мұны жоққа шығарып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?