Accessibility links

Кремль әскери қылмыскерлерді Гаага трибуналына емесе, Боснияның өзіне ұстап бере бастады


МӘСКЕУ. Ресей телеарналарының кеше берген хабарларына қарағанда, ресми Мәскеу БҰҰ-ының Гаагадағы трибуналы іздеу жариялаған этникалық сербті Боснияға табыс етті. Хабарға сәйкес, Балкандағы 1992-95-інші жылдардағы соғыс кезінде істеген әскери қылмыстары үшін айыпталған Драган Зеленович Боснияның мемлекеттік сотына берілді. Бұл хабарға толық көз жеткізетін мүмкіндік болмай отыр. 45 жастағы Зеленовичке Гаага трибуналы әскери қылмыстар істеді және Фока қаласындағы мұсылман әйелдерін зорлады деген айыптар тағып отыр.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG