Accessibility links

Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолында тұрған ең үлкен бөгет жойылды


ХАНОЙ: Ресей президенті В.Путин Мәскеудің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына мүмкіндік беретін екі жақты келісімге келуіне байланысты АҚШ президенті Дж.Бушқа рахметін айтты. 2 лидер Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық ынтымақтастық ұйымының Вьетнамда болып өткен саммитінің соңында кездесіп, әлгі келісімге екі елдің өкілдері бүгін қол қойды. В.Путиннің атап көрсетуінше, Дж.Буштың саяси ықыласы болмаса, мұндай келісімге келуге мүмкіндік болмас еді. АҚШ-пен арада осындай келісімнің болмауы Ресейдің Халықаралық сауда ұйымына кіруі жолында тұрған ең басты бөгет болатын.
XS
SM
MD
LG