АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осы аптада Ауғанстан мен Пәкістан сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Вашингтонда ол екеуі Құрама Штаттардың бұл өңірге қатысты саясатын қайта қарауына қатысады.
Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Клинтон ханым сейсенбі күні Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Курешимен жүздеседі. Ал Ауғанстан сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спантамен мемлекеттік хатшы бейсенбі күні кездеспекші. Бұл үш дипломат үш-жақты кездесуге қатысады.
Бұл талқылаулар АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Ауғанстанға 17 мың қосымша әскер жіберу жөнінде шешім қабылдаған соң болайын деп отыр. Бүгінде ауған жеріндегі талибан және әл-Қаида содырларымен күресу үшін бұл аймаққа 38 мың американдық әскер орналасқан.