Accessibility links

Депутаттар Рахат Әлиевті экстрадициялауға қатысты алаңдаушылық білдіруде


Мәжіліс депутаттарының бірқатары Австрияның Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіне қатысты көзқарасына алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Ауыр қылмыстық істерге қатысты айыпталушы Рахат Әлиевті экстрадициялау мәселесіне байланысты Австрияның ұстанымына алаңдаушылық білдіремін. Қазақстанның ресми органдары жасаған бірнеше үндеуге Австрия билігі немқұрайдылық танытты», — дейді мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ ол Рахат Әлиевтің соңғы уақытта БАҚ-та Қазақстанның демократиялық жетістіктерін қаралауға бағытталған ақпараттық компания ұйымдастырғанын айтты. Осыған байланысты Мұрат Әбенов ҚР СІМ –нен Австрия елшісінен аталған мәселеге қатысты Австрияның әрекетсіздігіне ресми түсініктеме беруін талап етуді сұрады.

Депутат М. Әбеновті оның әріптесі Виктор Рогалев те қолдап, қылмыскерді Қазақстанға беруден бас тартып отырған Австрияның қандай сарында басқарылып отырғанына таңғалыс білдірді.
XS
SM
MD
LG