Accessibility links

НАТО Ауғанстанның оңтүстігінде операцияларын күшейтеді


Ауғанстанның оңтүстігіндегі НАТО қолбасшылығы хабарлап отырғандай, жақын күндері НАТО күштері АҚШ әскерінің қолдауымен Хельманд және Қандағар провинцияларындағы талибандарға қарсы операцияларын күшейтетін болады.
Даниялық армия майоры, генерал Март де Круиф телефон конференциясы арқылы Вшингтондағы журналистерге берген сұхбатында, операцияға АҚШ күштері қосылған кезде өткір шайқас болайын деп тұр деген. НАТО күштері бүлікшілерді басып аламыз деп үміттеніп отыр. Де Круифтың айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігінде шамамен 18 мыңдай талибан жасағы бар.
XS
SM
MD
LG