Ресей президенті Дмитрий Медведевтің мәлімдеуінше, Украина Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына қосыла алады.
Аталмыш ұйымға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Киевке мемлекеттік сапармен барған Медведев «егер Украина болашақта Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше болуды қаласа, біз оны қуана-қуана қабылдаймыз» деп атап көрсетті. Ақпан айындағы сайлаудан кейін Янукович билікке келгелі бері Киев пен Мәскеу қарым-қатынастары жақсара бастады. Оппозиция Януковичті елдің егемендігіне қауіп төндіруде деп айыптады.