Accessibility links

АҚШ-тың Калифорния штатында болған атыстан 8 кісі көз жұмды


Тапанша. (Көрнекі сурет)
Тапанша. (Көрнекі сурет)
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сил-Бич қаласында сән салонында болған атыс салдарынан 8 кісі қаза тапты.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, 6 адам оқиға болған жерде жан тапсырған, ал жараланған екі кісі ауруханаға жеткізіліп, сонда бақилық болған. Тағы бір адамның хал үстінде жатқаны айтылып отыр.

Полиция қарулы шабуыл жасаған күдіктінің оқиға орнынан көлікпен із жасырмақ болған кезде қолға түскенін хабарлады. Оның көлігінен бірнеше қару табылған. Әзірге бұл оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG