Иранның ресми ақпарат агенттіктері хабарлағандай, елдегі реформашыл басылым жалған ақпарат таратты деген айыппен екі айға жұмысын тоқтатты.
Басқа нақты мәліметтер таратылмады. Бірақ реформашыл "Етамаад" газеті жақында ғана президент Ахмадинежадтың кеңесшісі Әли Акбар Жаванфекрмен сұқбат жариялаған болатын. Ол президенттің қарсыластарын сынаған еді.
Аталған сұқбат жарияланғаннан кейін Тегеран соты Жаванфекрді бір жыл түрмеге қамау және үш жылға дейін ақпарат саласында қызмет істеуге тыйым салу жөнінде үкім шығарды. Азаттық радиосының парсы қызметінің хабарлауынша, сот оны өзі басқаратын басылымдарда исламға қайшы келетін суреттер мен мақалаларды жариялағаны үшін қылмысты деп тапқан.
Президенттің ақпарат істер бойынша кеңесшісі Жаванфекр ИрНА агенттігінің атқарушы директоры және "Иран" баспа үйінің басшысы болып табылады.
Алдағы наурызда өтетін парламент сайлауы қарсаңында Ахмадинежад пен оның оппоненттері арасында текетірес күшейіп келеді.