Accessibility links

Египетте жоғарғы палатаға сайлау басталды


Египеттік әйел дауыс бергендігін саусағының таңбасымен бекіткелі тұр.
Египеттік әйел дауыс бергендігін саусағының таңбасымен бекіткелі тұр.
Египетте жоғарғы палата – Шура кеңесіне сайлау өтіп жатыр.
Сайлаудан кейін парламенттің қос палатасы Египеттің жаңа конститутциясын әзірлейтін комиссия құрады.

Шура кеңесінің сайлауы екі кезеңмен жүргізіледі, осы жексенбі – дүйсенбі күндері Каир мен Александрия қалаларының және 13 провинцияның сайлаушылары дауыс береді.

Ал келесі 13-14 ақпан күндері қалған 14 провинция сайлаушылары дауыс береді.

Шура кеңесінің 180 депутатының үштен екісі партиялық тізіммен, қалғандары тікелей дауыс беру жүйесімен сайланады.

Египет парламентінің төменгі палатасы – Халық ассамблеясының жақында өткен сайлауында исламистер жеңіске жетті.
XS
SM
MD
LG