Accessibility links

Ақтөбеде терроризм айыбымен бес адам сотталды


Бүгін Ақтөбеде «террористік әрекеті үшін» 5 адам сотталды. Бұл азаматтар былтыр шілде айының 29-ы күні Ақтөбенің іргесіндегі Қызылжар ауылындағы жарылыстан (2 күдікті мен 1 полицей қаза болған) соң тұтқындалған.

«Осы жарылысқа қатысы бар» деген айыппен 12 адам ұсталған еді. Кейін олардың жетеуі «өз айыбын мойындап, тергеуге көмек көрсеткені үшін" ақталып шыққан.

Судья Шапағат Әлнияз ақпанның 21-і күні сотталған 5 адамға «шағын қарулы топ» деген сипаттама берді. Оның айтуынша, «бұл топ 2010 жылдың мамыр айында құрылған. Тергеу олардың күштік құрылымдарға қарсы әрекет етпек болғанын анықтады. Радикалды исламды ұстанушылар жиһадқа шақыратын уағыз айтып, қару-жарақтарын сайлаған. Жарылғыш зат жасаған».

Айыпталушылар: Асылбек Оралбеков - 13 жылға, Мейрамбек Мейрамбаев - 8 жалға, Сәрсенбек Баймұратов - 7 жылға, Нұрбек Өксікбаев - 5 жылға, Ғалымжан Есқалиев - 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Асылбек Оралбековтен басқалары жазаларын жалпы режимдегі абақтыда өтейді.
XS
SM
MD
LG