Accessibility links

Оралдық азамат «Қарсылық күніне» қатысқаны үшін жапа шеккенін айтады


Орал қаласындағы "Қарсылық күні" акциясынан көріністер. Орал, 25 ақпан 2012 жыл.
Орал қаласындағы "Қарсылық күні" акциясынан көріністер. Орал, 25 ақпан 2012 жыл.
Оралда ақпанның 25-і күні «Қарсылық күні» жиынына қатысқан Қайырғали Ізбасовты митингіден соң үйінің жанында белгісіз екі адам ұрып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Ізбасовтың өзі хабарлады.

Мүгедектер үйінде көлік жүргізуші болып жұмыс істейтін Ізбасов басынан жарақат алып, қазір жұмысқа бара алмай отыр.

Қайырғали Ізбасов жиында жүргізуші куәлігінен айырылған ұлына соттың әділ шешім шығармай отырғанын, Қазақстанда заңсыздық белең алғанын айтқан.

Оралда «Қарсылық күні» акциясына жүзге тарта адам жиналды. Жиналғандар Жаңаөзен оқиғасын, сайлаудағы бұрмалаушылықты, саясаткерлер мен журналистердің тұтқындалуын айыптады.
XS
SM
MD
LG