Accessibility links

Жаңаөзенге ішкі істер әскері енгізілгені туралы хабарланды


Жаңаөзен қаласының сыртындағы белгі.
Жаңаөзен қаласының сыртындағы белгі.
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласына ішкі істер әскері әкелінген деп хабарлады бүгін "Интерфакс" агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, былтыр желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасына қатысқаны үшін сотталғандардың туыстары шығарылған сот үкімдеріне наразылық ретінде орталық алаңда шеру өткізуге қалалық әкімшіліктен рұқсат сұрап, өтініш берген.

Алайда Жаңаөзеннің орталық алаңын екі күн бойы полиция күштері қоршауға алып тұр деп хабарлайды агенттік.

2011 жылы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпеде болған оқиғалар кезінде ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 100-ге тарта адам жараланды. Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға қатысы бар деп айыпталған 13 адам 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Ал қызмет бабын теріс пайдаланып, үлкен сомада пара алған деген айыппен жауапқа тартылған Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті маусым айында облыстық сот ақтап шығарды, қаланың тағы бір бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов екі жыл мерзімге шартты жазаға кесілді.
XS
SM
MD
LG