Қазақстан мен Түркия «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге асырудың жоспарын қабылдады. Бұл туралы бейсенбі күні Анкарада жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысынан соң Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен бірге өткізген брифингте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген.
- Бүгін біз «Жаңа синергия» бағдарламасы жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойдық. Бұл стратегиялық бағдарлама ауқымды мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Атап айтқанда, екіжақты сауда көлемін 10 миллиард долларға, инвестиция көлемін жыл сайын 500 миллион долларға ұлғайту көзделуде. Түрік инвесторлары Қазақстанда белсенді жұмыс істейді деп үміттенеміз, - деген Назарбаев.
Сонымен бірге ол Қазақстан-Түркия индустриялық аймағын құру мәселесін талқылап, екі елдің үкіметаралық экономикалық комиссиясының тиімділігін арттыру жөнінде уағдаласқандарын айтты.
Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайып Ердоғанға Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін «Алтын Қыран» орденін тапсырды деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі..