Accessibility links

Саида Зейнаб


Саида Зейнаб

Саида Зейнаб - Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, төртінші халиф, исламдағы шииттер ағымының алғашқы имамы Әлидің қызы. Бейіті Сирия астанасы Дамаск қаласында деп айтылады. Оның басына 20-ғасырда мешіт салынған. Мешіт пен Саида Зейнабтың бейіті саналатын жер - шиит мұсылмандардың тауап ететін қасиетті орындарының бірі. Мыңдаған мұсылмандар, көбінесе, иран және ирак босқындары Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Саида Зейнабтың басына мінажат етуге жиналады.
XS
SM
MD
LG