Accessibility links

Ресей: Саакашвили есі дұрыстығын тексертсін


Виталий Чуркин, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі. Нью-Йорк, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Виталий Чуркин, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі. Нью-Йорк, 16 қыркүйек 2013 жыл.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин Грузия президенті Михаил Саакашвили "ақыл-есінің дұрыстығын тексертуі тиіс" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 25 қыркүйекте Саакашвилидің Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында сөйлеген сөзінен кейін айтты.

Михаил Саакашвили БҰҰ мінберінде Ресей саясатын сынаған. Ол сөйлеп жатқан кезде Ресей делегациясы залдан шығып кетті.

Чуркин Саакашвилидің сөзін "антиресейлік қана емес, русофобтық, православиеге қарсы сарында" деп бағалады. Чуркиннің мәлімдемесіне орай Грузия тарапы әзірге түсінік берген жоқ.

2008 жылғы тамыз айында Ресей мен Грузия арасында болған қысқа мерзімдік әскери жанжалдан соң екі елдің қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен еді. Ресей сол жанжалдан соң Грузияның сепаратистік аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз деп танып, бұл аймақтарға әскерін орналастырған.

Грузия бұл аймақтарды өз территориясы санайды.
XS
SM
MD
LG