Accessibility links

Сириядағы туризм фестивалі


Сириядағы туризм фестивалі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

Сирия билігі соғысқа қарамастан, туризм саласын дамытуға тырысып жатыр. Дамаск қаласында үш күндік туризм фестивалі ашылды. Оған жергілікті музыканттар, суретшілер, қолөнер шеберлері келді. Солардың бірі музыкант Галеб Бадран автомат қаруынан жасаған музыка аспабын жасаған. Көрермендер аспаптан Сирияның жаңа тарихы символын көреді. Азаматтар соғыстан зәрезап болғандарын, бейбіт өмірді аңсайтындарын айтты. 2010 жылға дейін Сирия табысының 12 пайызы туризмнен түсіп тұрған. ЮНЕСКО ақпаратына қарағанда, соғыстан Сирия мәдени мұраларының көбі жойылған. БҰҰ мәліметінше, екі жыл ішінде 100 мыңнан аса сириялық қаза тауып, бірнеше миллион адам босып кеткен.

XS
SM
MD
LG