Accessibility links

Азаттық радиосы Қырымға арнап вебсайттар ашты


Азат Еуропа/Азаттық радиосының логотипі. (Көрнекі сурет)
Азат Еуропа/Азаттық радиосының логотипі. (Көрнекі сурет)
Азат Еуропа/Азаттық радиосының Украин қызметі Қырым аймағының тұрғындарына арнап жаңадан ақпараттық және жаңалықтар тарататын екі вебсайт ашты.

Вебсайттар қазір орыс және татар тілінде ақпарат таратады және таяуда украин тілінде де қызмет көрсете бастайды.

Ресей Украинаның Қырым автономиялық аймағына ақпан айының соңында әскер кіргізіп, 16 наурызда өткен референдумнан соң аймақты құрамына қосып алған еді. Украина референдум нәтижесін мойындамай, Ресейдің Қырымды қосып алуын заңсыз деп, айыптаған.

"Үлкен жетілік" елдері Қырымның аннексиялануын халықаралық құқықтық нормаларға қайшы деп тапқан.

НАТО Қырым дағдарысын "Еуропадағы тұрақтылыққа қырғи-қабақ соғыс аяқталғалғаннан бері төнген ең үлкен қауіп" деп бағалады.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы 21 мемлекетте 28 тілде хабар тарататын коммерциялық емес халықаралық ақпарат құралы.
XS
SM
MD
LG