Accessibility links

Ердоған партиясының жеңісі


Ердоған партиясының жеңісі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Түркияда 30 наурызда өткен жергілікті сайлаудың алдын-ала нәтижесі бойынша, премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы берілген дауыстың 45 пайызға жуығына ие болған. Оппозициялық Республикалық халықтық партия 23-28 пайыз аралығында дауыс жинаған. Бұл сайлау он жыл бойы билікте отырған Ердоған үкіметіне деген халықтың сенімін аңғартқан сынақ болды. Өзінің жақтастарын жеңіспен құттықтаған Ердоған саяси бәсекелестеріне бұл жолғы жеңіліс «тым қымбатқа түсетінін» айтты. Былтыр мамыр айында үкіметке қарсы жаппай наразылық туып, жыл соңында биліктегі жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты коррупциялық жанжал шыққалы бері бұл Түркияда алғаш рет өткізілген сайлау болып отыр.

XS
SM
MD
LG