Нацистер тұрғызған концентрациялық лагерьлердің ең үлкені – Освенцимде тұтқында болғандардың көбі еврейлер болатын. Сондықтан оларды азат еткен күн – қаңтардың 27-сі халықаралық Холокост құрбандарын ескеу алу күні ретінде атап өтіледі.
Освенцим қақпасы. Оң жақтағы сурет 1945 жылы лагерь тұтқындары азат етілген кезде түсірілген. Содан бері бұл жерде ештеңе өзгерген жоқ.
1944 жылы түсірілген оң жақтағы суретте балаларымен бірге газ камерасына бара жатқан әйел бейнеленген. Олардың арғы жағында Освенцимге қосымша салынған Биркенау лагерінің ағаш барақтары көрінеді. Соғыс біткен соң ол ғимараттар бұзылды, бірақ кірпіш қабырғалары мен мұржалары әлі күнге дейін бар.
Освенцим лагерінің бас қақпасы. Оның маңдайшасындағы «Arbeit Macht Frei» («Еңбек азаттық әкеледі») деген кекесін жазу әлі күнге дейін сақталған.
Сол жақтағы 2015 жылы қаңтарда түсірілген суретте туристер лагерьдің 15-блогын аралап көріп жүр. Оң жақ суретте соғыс кезінде нацистердің лагерь аумағында шырша егіп жатқан сәті бейнеленген.
Освенцимдегі төрт крематорий пештерінің алғашқы салынғаны. Бұл пештерді өлген тұтқындардың сүйегін жағу үшін пайдаланған. Екінші және үшінші пештерді ғимаратымен бірге нацистер совет әскері келгенге дейін бұзып тастаған. Төртіншісі 1944 жылы тұтқындар көтерілісі кезінде қиратылған.
Освенцимдегі 11-блоктың ауласындағы «Ажал қабырғасы». Бұл жерде тұтқындары атқан. Соғыстан кейін ауланы қайтадан қалпына келтірген. Оң жақ суретте – ауланың нацистер тұсындағы көрінісі. 11-блокта тұтқындарды түрлі әдістермен азаптап-қинаған.