Қырым татарлары наразылығы
Қырымдағы ATR телеарнасының жабылуына қарсы Қырым татарлары 31 наурыз күні телеарна ғимаратына келіп, билікке наразылықтарын білдірді. Қырым татарлары тілінде хабар тарататын ATR телеарнасы «Роскомнадзор» тіркеуінен өте алмай отыр. Телеарнаның қызметі 1 сәуір күні тоқтатылатыны хабарланды.