Accessibility links

Шымкентте «Театр көктемі» фестивалі басталды


«Театр көктемі - 2015» фестивалінің ашылуынан көрініс. Шымкент, 2 сәуір 2015 жыл.
«Театр көктемі - 2015» фестивалінің ашылуынан көрініс. Шымкент, 2 сәуір 2015 жыл.

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында бүгін «Театр көктемі – 2015» облыстық театр фестивалі ашылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығы және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған театр фестиваліне облыстағы сегіз кәсіби театр қатысып жатыр. Фестиваль қойылымдары облыстық қуыршақ, опера және балет, әзіл-сықақ және сатира, облыстық қазақ, орыс және өзбек драма театрларының сахналарында қойылады.

Үш күнге жалғасатын театр фестивалінде үздік өнерімен топ жарған театр ұжымына сыйлыққа автокөлік берілетіні хабарланды. Фестиваль аясында бүгін Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Төле би» тарихи драмасы қойылады.

«Театр көктемі - 2015» фестивалі туралы видео

«Театр көктемі - 2015» фестивалі ашылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

XS
SM
MD
LG