Accessibility links

Одақтастардың «Ортақ жеңісі»

Алматыдағы АҚШ елшілігі «Бір жеңіс» атты фотокөрме ашты. Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрме 28 мамырға дейін өтеді. Көрме одақтас мемлекеттердің екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әуелі фашистік Германияға, кейін Жапонияға қарсы күресте әріптес болғанына арналған. Онда АҚШ ұлттық архиві қорлары мен Қазақстан кино және фото құжаттар мемлекеттік архивінен алынған суреттер қойылған. Көрмедегі суреттер майдан өті, соғыстағы әйелдер, Қазақстан мен АҚШ-тың соғыс кезіндегі тұрмысы, АҚШ пен СССР әскерінің ынтымақтастығы тақырыптары бойынша бөлінген.

Мұндай көрме Қазақстанның басқа он шақты қаласында да өтеді. Жуықта Вашингтонда - Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде де осындай көрме ашылады.

XS
SM
MD
LG