Accessibility links

Шымкенттегі вальс

Шымкентте «Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жазғы би және өнер ойындары турнирі» өтті. Сайысқа Қазақстанның бес облысынан (Жамбыл, ШҚО, ОҚО, Атырау және Ақмола) бес жастан бастап 30 жасқа дейін, жүзден аса биші келді. Бишілердің 20-дан астамы мүмкіндігі шектеулі жастар болды. Олар жеке және жұп болып, одан бөлек, топпен де еуропалық, латынамерикалық әуендерге биледі. Жүлдегерлерге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубоктары тапсырылды. Шымкент, 21 маусым 2015 жыл.


XS
SM
MD
LG