Accessibility links

Қытай диссиденті Ай Вэйвэй Берлинге ұшып кетті


Қытайлық суретші, диссидент Ай Вэйвэй.
Қытайлық суретші, диссидент Ай Вэйвэй.

Қытайлық суретші, диссидент Ай Вэйвэй 30 шілдеде Lufthansa әуе компаниясы рейсімен Пекиннен Берлинге ұшып кеткен. Соңғы төрт жылда Қытай үкіметі оны қамауда ұстап, шетелге шығатын құжатын бермей қойған.

Ай Вэйвэй Берлинде әйелі және ұлымен кездеседі. Неміс басылымдарының хабарлауынша, ол Мюнхенде денсаулығын тексертпек. Суретші 2009 жылы миына қан құйылып, Мюнхенде операция жасатқан. Дәрігерлердің пайымдауынша, Ай Вэйвэйдің миына қан құйылуына оның түрмеде басынан алған жарақаттары себеп болған.

Суретші Берлинде сурет салумен айналысып, Берлин өнер университетінде сабақ бермек.

Қытай билігі Ай Вэйвэйді «экономикалық қылмыстар жасады», «салықтан жалтарды» деп айыптап, қамауға алған. Батыс елдері Қытайды еркін ойлы адамдарды қудалайды деп жиі сынайды.

XS
SM
MD
LG