Accessibility links

Қазақстан Азия даму банкінен 1 миллиард доллар несие алады


Көрнекі сурет.

Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанға экономикалық қиындықтан шығуы үшін 1 миллиард АҚШ доллары несие бөлетінін хабарлады.

АДБ ресми сайтындағы ақпаратқа қарағанда, несие Қазақстанға "әлемде мұнай бағасының күрт арзандауы мен көршілес елдер экономикасының құлдырауының кері әсерін азайтып, қаржылық еркіндікке қол жеткізу үшін" берілмек. Банктің Орталық және Батыс Азия департаментінің бас экономисі Лотте Шу-Зибеллдің айтуынша, несие Қазақстан үкіметінің "инфрақұрылымды модернизациялап, әлеуметтік қызмет пен жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасын қаржыландыруға, жекеменшік секторды, әсіресе шағын бизнесті қолдауға" бөлінеді.

Азия даму банкі несиені Қазақстанға бес жыл мерзімге, екі бөліп (500 миллион доллардан) бермек.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG