Accessibility links

БҰҰ: ЕО 200 мың мигрантты қабылдауы керек


БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің басшысы Антонио Гутеррес.
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің басшысы Антонио Гутеррес.

БҰҰ босқындар ісі агенттігінің басшысы Антонио Гутеррес Еуропа Одағын (ЕО) одақ елдері үшін міндетті "жаппай қайта қоныстандыру бағдарламасы" бойынша 200 мыңға дейін босқынды қабылдауға шақырды.

Антонио Гутеррес ЕО мигранттар дағдарысын ортақ шешуде "бар күшін салмаса" қалыптасқан жағдайды адам саудасымен айналысатындар өз қажетіне пайдаланып кетуі мүмкін деп ескертті.

Биыл Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың соғыс пен экономикалық қиындыққа тап болған елдерінен Еуропаға 350 мыңнан астам адам өткен.

Венгрияның Будапештен 40 километр қашықтықтағы Бичке қаласында 200-ден астам мигрант Австриямен шекараға апаратын пойыздан түсу талабынан екінші күн бас тартып отыр. Пойызға кіре алмаған жүздеген мигрант Будапештегі теміржол станциясынан жаяу Австрияға кетіп барады. Ал Рьоске қаласында 300-дей мигрант өздерін орналастырған босқындар лагерінен қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG