Accessibility links

Жағармай бағасы өскесін кезек туды

Жұма күні Қазақстан үкіметі АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензин бағасын еркіне жіберу туралы шешімін жариялады. Сол күні кешкісін-ақ Астана мен Алматы көшелеріндегі жанар-жағармай бекеттерінде көлік кезегі пайда болып, бағаның өсе бастағаны байқалды.

Астанадағы "ҚазМұнайГаз" бекеттері 1 литр АИ-92 маркалы бензин бағасын 130 теңгеге өсірді. Ал басқа жекеменшік бекеттер АИ-92 бағасын 108 теңге етіп ұстап тұрды.

Алматыдағы кей бекеттер кешке таман жанармай сатпай, оны тек талонмен беретіндерін мәлімдеді. Бұл қалада бензин бағасы кей жерде 128-130 теңге шамасында болып тұр. 4 қыркүйек 2015 жыл.

XS
SM
MD
LG