Accessibility links

Күрдістан билігі: ИМ тобы Иракта иприт қолданған


Ирактың солтүстігінде ИМ-мен соғысып жүрген күрдтің пешмерга жасақтары. 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Ирактың солтүстігінде ИМ-мен соғысып жүрген күрдтің пешмерга жасақтары. 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирактың жартылай автономиялық Күрдістан ауданының билігі биыл тамыз айында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобымен шайқасқан пешмерга (күрдтер жасағы) сарбаздарының кейбірі иприт газынан зардап шеккені туралы мәлімдеген. Хабарламада Идлиб маңында ИМ шабуылына ұшыраған 35 адамның қан құрамы, сонымен бірге алған жарақаттары иприт газынан уланғанда болатын белгілерге сәйкес келетіні айтылған.

Күрдістан билігінің мәлімдемесінде зерттеу жұмыстары Ирактан тыс жердегі лабораторияларда жүргізілгені айтылған. Бірақ құжатта зардап шеккендердің қандай жағдайда екені және қазаға ұшырағандардың бар-жоғы туралы ештеңе айтылмаған.

Күрдістан билігі ИМ тобына қарсы күресте пешмерганы қолдайтын елдерге жасақ сарбаздарына химиялық шабуылдан қорғаныс құрал-жабдықтарын беруге шақырды. ИМ тобын бұған дейін де «Ирак пен Сирияда химиялық қару қолданған» деп айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG