Accessibility links

Наразы палестиндіктер еврей храмын өртеді


Наблус қаласындағы палестиндіктер мен Израиль сарбаздары арасындағы қақтығыс. 12 қазан 2015 жыл.
Наблус қаласындағы палестиндіктер мен Израиль сарбаздары арасындағы қақтығыс. 12 қазан 2015 жыл.

Израиль билігі палестиналықтар Иордан өзенінің батыс жағалауында еврей храмын өртегенен хабарлады.

Израиль әскерилерінің мәліметінше, 100 шақты адам батыс жағалаудағы Наблус қаласындағы храмдардың біріне шабуылдап, Палестина қауіпсіздік күштері жеткенше от қойып үлгерген. Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Исламшыл ХАМАС тобы 16 қазанда Израильге қарсы "ашу-ыза күнін" өткізуге шақырған.

Шабуыл палестиналықтар мен Израиль қауіпсіздік күштері арасында екі аптадан бері жүріп жатқан жанжал қызған шақта болып отыр. Екі жақ арасындағы қақтығыстардан соы кезге дейін 32 палестиналық пен жеті Израиль сарбазы қаза тапқан.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 16 қазанда палестиналықтардың еврейлердің Иерусалимдегі мұсылмандар қасиетті санайтын Әл-Ақса мешітіне қол сұғуына наразылық танытуынан шыққан қақтығыстарға қатысты шұғыл жиын өткізеді.

XS
SM
MD
LG