Accessibility links

Подгорицадағы қақтығыс

Қазанның 17-і күні Подгорицада парламент ғимаратына шерумен бармақ болған наразылар жолын бөгеген полицияға қарсылық танытқан. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан. Бұған дейін сенбі күні полиция күші оппозиция өкілдерінің парламент ғимараты алдына тіккен шатырларын алып тастап, ондағы наразыларды күшпен таратқан соң демонстранттар шеру өткізуді ұйғарған. Оппозиция соңғы үш апта бойы премьер-министр Мило Джукановичтің отставкаға кетуін және елде жаңа сайлау өткенге шейін уақытша үкімет құру туралы талап қойып парламент ғимараты алдында тұрған.

XS
SM
MD
LG